Айша Төкебайқызы Абдуллина (22 маусым, 1916 жылы Алматыда туған) – қазақстандық және кеңестік театр актрисасы, әнші. Қазақ КСРның Халық артисі (1958). Түркістан облысының Құрметті азаматы (2002). Қазақстан Республикасының Президенттік сыйлығының және степендиясының иегері.
Quick Facts Жалпы мағлұмат, Туған күні ...
Close
«Парасат ордені» және «Құрмет Белгісі ордені» мен марапатталған. Сахнагер Ұлттық театр сыйлығының иегері (2017).
- 1940 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің құрмет грамотасымен арнайы Сталиннің алтын медалі;
- 1942 жылы «Қазақ КСРнің Еңбек сіңірген артисі» құрметті атағы;
- 1943 жылы КСРОның «Еңбектегі ерлігі үшін» медалі;
- 1946 жылы КСРО жоғарғы кеңесінің жарлығымен «Құрмет Белгісі» Орденімен;
- 1946 жылы ІІ дәрежелі «Отан соығысы» Ордені;
- 1958 жылы «Қазақ КСРнің Халық артисі» құрметті атағы;
- 1970 жылы «Лениннің туғанына 100жыл» медалі;
- 1976 жылы «Еңбек ардагері» медалі;
- 1996 жылы Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – елбасының мәдениет саласындағы президенттік степендиясының иегері;
- ҚР жоғарғы мемлекеттік марапаты «Парасат ордені» мен марапатталды.
- «Н.Назарбаевтың арнайы жеке алғыс хаты» екі мәрте марапатталған.
- «Ұлы отан соғысына 20,30,40,50,60,65,70 жылдығы» мерекелік медалдарымен марапатталған.
- ҚР Мәдениет министрлігінің құрмет грамоталары мен «Мәдениет саласының Үздігі» құрметті төсбелгісінің иегері.
- Түркістан облысының Құрметті азаматы (2002 жылдан);
- 2017 жылы Қазақстан театр қайраткерлері одағының «Қазақ театр өнеріне сіңірген еңбегі үшін» арнайы сыйлығының иегері.
- 2016-2017 жылғы Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – елбасының мәдениет саласындағы президенттік степендиясының иегері;
- Қазақстан Театрлар Ассоциациясның «Сахнагер – 2017» Ұлттық театр сыйлығының «Театр өнерін дамытуға қосқан орасан зор еңбегі үшін» аталымы бойынша марапатталды. (Астана 27 наурыз 2017 жыл).
Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы.
Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8